Шәкәрім атындағы орта мектебі. Жұмыстық оқу жоспарының вариативтік компонентіне енгізілген курстар төмендегідей бөлінді: » Шәкәрім атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шәкәрім атындағы орта мектебі. Жұмыстық оқу жоспарының вариативтік компонентіне енгізілген курстар төмендегідей бөлінді:
14
апрель
2025

Шәкәрім атындағы орта мектебі. Жұмыстық оқу жоспарының вариативтік компонентіне енгізілген курстар төмендегідей бөлінді:

Жұмыстық оқу жоспарының вариативтік компонентіне енгізілген курстар төмендегідей бөлінді:

  1. 1-4 сыныптарда вариативтік компонент:
  2. 1-4 сыныптар белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар 

1 «А», 1 «Ә» сыныптар бойынша баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзіретті  тұлғаның   дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру мақсатында «Қызықты математика» курсы берілді.

2 «А» сыныпқа     «Логикалық математика» курсы берілді.Бұл бағдарлама оқушыны математикалық курс бағдарламасындағы тапсырмалармен шектеп қоймай, табиғат берген   қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасайды. Бұл пән оқушының өмірге таным, түсінігін молайтып, шығармашылық қабілетін шыңдап, ғылымға, ұшқыр ойлауға қызығушылығын ашады. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында оқушы өздігінен ойланып, өз шамасын өзгелермен  салыстыра отырып, ұшқыр ойлауға талпынады. Жеңілден қиынға, оңайдан күрделіге көшу, бірізді білім беру жүйесін шыңдай түседі. 2«А» сыныпқа жеке тұлғаның таным белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту, коммуникативтік  біліктілігі дамыған дара тұлға тәрбиелеу, рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау, қабылдау әрекеттерін жетілдіру мақсатында «Математикалық сауаттылық» курсы берілсе, 3 «Ә» сыныпқа   баланың тұлғалық қасиеттерін; ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға  математикалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу мақсатында «Қызықты математика» курсы берілді.

4 «А», «Ә» сыныптарға «Математика және логика» курсы логикалық математика арқылы қоршаған ортаны тану, тез ойлау, жылдам есептеу дағдыларын қалыптастыру және баланың тұлғалық қасиеттерін, ақыл-ойын, сезімін, шығармашылық қабілетін, байқағыштық, қиялдау әрекеттерінен өзігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу мақсатында берілді.

  1. 5-9 сыныптарда вариативтік компонент курстары: 

5 «А», «Ә» сыныптарда «Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. 

6 «А» сыныпта «Экология» курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді. 

7 «А» сыныпта   «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. 

8 «А», «Ә» сыныптарда «Медиасауаттылық» курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйретеді. 

9 «А» сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

  1. 10-11 сыныптар жеке және топтық сабақтар:
  2. 10 сыныпқа Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқытуда вариативтік компонент есебінен 1 сағат далалық оқу жиынына 30 сағат және қорытынды тексеру сынаққа 4 сағат қарастырылған; 
  3. Сонымен қатар, 10,11 сыныптар «Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін» оқи отырып, білім алушылар кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгереді.
  4. 10-11 сыныптарда «Абайтану» курсы ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, ұлттық идеологияны бойына сіңірген, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана –сезімі қалыптасқан өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.
  5. 10 сыныпта «Чтение как познание мира» курсының мақсаты: адамгершілік, эстетикалық, гуманистік құндылықтарды тәрбиелеуге жағдай жасау.
  6.  10 сыныпта «Комбинаторика есептерін шешудегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктері» - курсының мақсаты комбинаторика элементтерін және логикалық есептерді шешуде комбинаториканық әдістерді меңгерту. Оқушылардың белсенділігін және өз бетімен еңбектенуге баулу.
  7. 11 сыныпта «Теңдеулер және оларды шешудің тиімді тәсілдері» - курсының мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, логикалық ойлау, салыстыру, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру, есеп шығарудың тиімді тәсілдерін дамыту. 
  8. 11 сыныпта «Елтану» курсының мақсаты ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің және өз елінің халқын, тілін, мәдениетін, географиясын, саясатын оқытып үйрету, сабақта өтілген бағдарламалық материалға қосымша оқушылардың білім-біліктерін артыру, сөздік қорын байыту.
  9. 11 сыныпта «Читая Слова Назидания «Абая»» - бағдарламасы балалардың бойына қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау,  патриоттық сезімін ояту, көркемдік, эстетитикалық, рухани азаматтық қасиеттерін ақынның шығармашылығы арқылы дамыту.


 Т.с.с курстардың негізгі мақсаты оқушыларды олимпиадаға, қорытынды аттестаттауға дайындау, дарынды балалармен жұмысты жетілдіру. Яғни, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және жалпы білім беру үрдісін стандартқа сай жүргізе отырып, сапалы білім беру.

 Жоспар мектептің педагогикалық кеңесімен бекітіледі.

 Хаттама №1, 2022  жылғы 27 тамыз.


Сабақ кестесін құрастыруда: ұстаздардың оқу жүктемесі, сыныптар саны мен сыныптардың толымдылығы, сыныптың кіші топтарға бөлінуі, сынып жетекшілер туралы мәліметтер, оқу кабинеттерінің саны, олардың сыйымдылығы туралы мәліметтер негізге алынды. 

Сыныптар

Инварианттық компонент

Вариативтік компонент


Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі

Таңдауы бойынша сабақтар

Б/қ сипаттағы жеке және топтық сабақтар

1

1-сыныптар/қазақ/

18,5 сағат

0

1

19,5 сағат

2

2-сыныптар/қазақ/

23 сағат

0

1сағ

24 сағат

3

3-сыныптар/қазақ/

25 сағат

0

1 сағ

26 сағат

4

4-сыныптар/қазақ/

25 сағат

0

1 сағ

26 сағат



Сыныптар

Инвариант

тық компонент

Вариативтік компонент


Оқушы компоненті

Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі

Жаһандық құзіреттілік немесе тсс 

Элективті курстар 

Жеке  және топтық жұмыстар 

1

5-сыныптар/қазақ/

28 сағат

0,5 сағ

0

0

      28,5сағат

2

6-сыныптар/қазақ/

28 сағат

0,5 сағ

0

0

28,5 сағат

3

7-сыныптар/қазақ/

31 сағат

0,5сағ

0

0

31,5 сағат

4

8-сыныптар/қазақ/

32 сағат

0,5 сағ

0

0

32,5 сағат

5

9-сыныптар/қазақ/

33 сағат

1 сағ

0

0

34 сағат










2022-2023 оқу жылында мектебімізде 5-сыныптардан 2 сынып топтамасы  бар.  5 сыныптары бойынша инварианттық оқу жүктемесі -28 сағат, вариативтік компонент  Жаһандық құзіреттілік: «Жаһандық құзыреттілік» 0,5 сағат.  

6-сыныптардан 1 сынып топтамасы бар. 

6-сынып бойынша инварианттық оқу жүктемесі -28 сағат, Жаһандық құзіреттілік: «Жаһандық құзыреттілік» 0,5 сағат.        

7-сыныптардан 1 сынып топтамасы бар. 

7-сынып бойынша инварианттық оқу жүктемесі -31 сағат, Жаһандық құзіреттілік: Жаһандық құзыреттілік» 0,5 сағат 

8-сыныптардан 2 сынып топтамасы бар. 

8 -қазақ сыныптары бойынша инварианттық оқу жүктемесі -32 сағат, Жаһандық құзіреттілік: : Жаһандық құзыреттілік» 0,5 сағат.

9-сыныптардан 1 сынып топтамасы бар. 

9 сынып бойынша инварианттық оқу жүктемесі -33 сағат, Жаһандық құзіреттілік: Жаһандық құзыреттілік» 1 сағат


Сыныптар

Инварианттық компонент

Жаһандық құзіреттілік немес тсс

Элетивті курстар 

Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

1

10 «а» сынып / қоғамдық гуманитарлық бағыт/

28 сағат

1

4

33 сағат

2

11 «а»-сынып/қоғамдық гуманитарлық  бағыт/

28 сағат

1

4

33 сағат


2022-2023 оқу жылында мектебімізде 10-сыныптардан 1 сынып топтамасы  бар.  

10 «а» сынып. Инварианттық компонент міндетті пәндері оқу жүктемесі 28 сағат, вариатив компонентіндегі Жаһандық құзіреттілік: «Жаһандық құзіреттілік» 1 сағат.

11 «а» сынып. Инварианттық компонент міндетті пәндері оқу жүктемесі 28 сағат, вариатив компонентіндегі Жаһандық құзіреттілік: «Жаһандық құзіреттілік» 1 сағат.