Шәкәрім атындағы орта мектебі. "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру:
"Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру:
"Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсына 1-8 сынып аралығында 100% оқушы қамтылды:
№ | Оқу жылы | Сынып саны | Қамтылған оқушы саны |
1 | 2022- 2023 оқу жылы | 13 | 223 |
2 | 2023- 2024 оқу жылы | 13 | 231 |
3 | 2024- 2025 оқу жылы | 13 | 216 |
5-8 сыныптарда сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, электронды журналының сынып сағаты бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылды.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсын іске асыру мақсатында оқу жылдарына бұйрық шығарылып, «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұнын әр сынып жетекшілер жоспарға сәйкес өтілуде және сыныптың электрондық журналының қосымша бетіне толтырылуда.
1 – 8 сыныптарға арналған «Жолда жүру ережелері» оқу пәнінің
үлгілік күнтізбелік – тақырыптық жоспары
1- сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Көше күтпеген оқиғаларға толы | 1 | Қыркүйек |
2 | Жаяу жүргінші өтпелдері | 1 | Қазан |
3 | Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам | 1 | Желтоқсан |
4 | Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу | 1 | Наурыз |
5 | Қай жерге ойнауға болады және қай жерге ойнауға болмайды | 1 | Сәуір |
6 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 6 |
2 -сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері | 1 | Қыркүйек |
2 | Реттелмейтін жол қиылыстары | 1 | Қазан |
3 | Реттеуші және оның белгілері | 1 | Желтоқсан |
4 | Трамвайда және көліктің басқа да түрлерімен сапарға шығу | 1 | Наурыз |
5 | Мектепке жол (Сенің күнделікті бағытың) | 1 | Сәуір |
6 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 6 |
3 - сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері | 1 | Қыркүйек |
2 | Қай жерлерден жолдан өтуге болады | 1 | Қазан |
3 | Жол жүру белгілері және таңбалары | 1 | Желтоқсан |
4 | Жарақаттанғанда көрсетілген алғашқы медициналық көмек | 1 | Наурыз |
5 | Сен-велосипедші | 1 | Сәуір |
6 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 6 |
4 -сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Жол жүру ережелерін білеміз бе | 1 | Қыркүйек |
2 | Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері | 1 | Қазан |
3 | Жол жағдайларын макетте (пішімді) талдау. Арнайы авто алаңда өткізілетін тәжірибелік сабақтар | 1 | Желтоқсан |
4 | Темір жол өтпелдері | 1 | Наурыз |
5 | Жарақаттар кезінде алғашқы медицианлық көмек көрсету біліктілігін арттыру | 1 | Сәуір |
6 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 6 |
5 -сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Біздің қала (ауыл), аудан | 1 | Қыркүйек |
2 | Жол таңбаларының белгіленуі | 1 | Қазан |
3 | Қосымша секциялары бар бағдаршамдар | 1 | Қараша |
4 | Жол реттеушісінің белгілері | 1 | Желтоқсан |
5 | Жол жүру белгілері және олардың қолданысы | 1 | Қаңтар |
6 | Жүргізушінің еңбегінің ерекшеліктері мен негізгі міндеттері. Қазіргі заманғы көлік-жоғары қауіпті аймақ. Қоғамдық көлік | 1 | Ақпан |
7 | Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі | 1 | Наурыз |
8 | Велосипедпен жүру | 1 | Сәуір |
9 | Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғары және төменгі аяқ-қол дене бөліктерінің сынған немесе буын шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері | 1 | Сәуір |
10 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 10 |
6 -сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Жол жүру ережелері (қайталау) | 1 | Қыркүйек |
2 | Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары | 1 | Қазан |
3 | Көлік құралдарының нөмірлік, тану белгілері мен жазбалары | 1 | Қараша |
4 | Жол-көлік оқиғасы уақытындағы оқушылардың мінез-құлқы | 1 | Желтоқсан |
5 | Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек | 1 | Қаңтар |
6 | Жол қозғалысының қауіпсіздігі | 1 | Ақпан |
7 | Жол қозғалысына қатысушылардың құқытары, міндеттері мен жауапкершілігі | 1 | Наурыз |
8 | Жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережелері. Жол «қақпан» | 1 | Сәуір |
9 | Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу | 1 | Сәуір |
10 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 10 |
7- сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Автокөліктің елімізде экономикасындағы рөлі | 1 | Қыркүйек |
2 | Көлік құралдарын пайдалану ережелері | 1 | Қазан |
3 | Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары | 1 | Қараша |
4 | Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы | 1 | Желтоқсан |
5 | Қозғалыс жол жолағы. Басып озу | 1 | Қаңтар |
6 | Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және олардың сенімділігі | 1 | Ақпан |
7 | Автөкөлікте медициналық қобдишаның болуы | 1 | Наурыз |
8 | Велосипедшілер, мопедшілердің жолда жүру ережелері. Велосипедтің, мотоциклмен жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелері | 1 | Сәуір |
9 | Жол көлік оқиғаларына әкеп соқтыратын жол жағдайларын зерттеу | 1 | Сәуір |
10 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 10 |
8 -сынып
№ | Тақырыптың атауы | Сағат саны | Айы |
1 | Жол жүру ережесінің пайда болу, жол белгілерінің халықаралық тілі | 1 | Қыркүйек |
2 | Қозғалысты реттеу нысандары | 1 | Қазан |
3 | Жол белгілері | 1 | Қараша |
4 | Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі | 1 | Желтоқсан |
5 | Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелерін бойынша) әңгімелесу | 1 | Қаңтар |
6 | Жол қиылысынан өту және жаяу жүргіншілер өтпелері. Қоғамдық көлік аялдамалары | 1 | Ақпан |
7 | Жол көлік оқиғасы уақытында есінен таңған адамдарға берілетін алғашқы медициналық көмек | 1 | Наурыз |
8 | Буын шығып кеткен кездегі алғашқы медициналық көмек. Күйікке шалдыққан кездегі алғашқы медициналық көмек | 1 | Сәуір |
9 | Аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерге қойылатын техникалық талаптар. Велосипедшілер қозғалысына қойылатын қосымша талаптар | 1 | Сәуір |
10 | Қорытынды сабақ | 1 | Мамыр |
Барлығы | 10 |
Қорыта келгенде, мектеп әкімшілігі жолда жүру ережелерінің барлық нұсқаулықтарымен мектеп оқушыларын таныстырып, сынып жетекшілері мен директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарларына тәрбие сағаттары мен сынып жиналыстарында ескертіліп отырды. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін, жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң - сақтармын!» дегендей жол ережелерін тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- қазіргі таңдағы әрбір адамның міндеті. Жолда жол ережесі бұзылған жағдайда айналаға, біреудің мүлкіне ғана қауіп төніп қоймай, адамдардың денсаулығына, өміріне орасан зиян тиеді. Сондықтан жол ережелерін үйрету, көшеде дұрыс жүріс-тұрысты қалыптастыру, өз қауіпсіздігін сақтауға үйрету, өзгеге қиындық тудырмау өте маңызды. «Жолда жүру ережелері» оқу курсы мектеп бағдарламасында өзіндік орны бар. Жыл сайын және үнемі жас ұрпақтың қауіпсіздігін ойлау – басты міндетіміз! Өйткені бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі болашақ! Бала-елдің тірегі!