Шәкәрім атындағы орта мектебі. Қорытынды аттестаттау нәтижесі
Қорытынды аттестаттау нәтижесі
2022-2023 оқу жылы
2022-2023 оқу жылында 9 сынып оқушылар саны 21 болды. Ал 11 сыныбында 7 оқушы білім алды. №29 Жаңатұрмыс орта мектебінде 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша бұйрық шығарылып, дайындық жоспары бекітілді. Емтиханға дайындық бойынша қосымша сабақтар кестесі құрылып, уақытылы үнемі өткізіліп жүргізілді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болғандықтан жыл бойы қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық жұмыстарының барысы жоспар бойыншща директор жанындағы кеңесте және педагогикалық кеңесте қаралды.
9-сыныптар 4 міндетті пәннен, ал 11-сыныптар қорытынды аттестаттауда 5 міндетті пәннен тапсырды. ДОІЖО тарапынан қорытынды аттестаттау дайындық бойынша өткізілген іс-шаралар жоспары құрылып, жыл бойы жоспар бойынша қажетті жұмыстар атқарылды. Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыс ұйымдастыру бойынша сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінің әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің білім сапасын көтеруге үлестерін қосып, сапалы жұмыс атқару мақсатында әрбір пән мұғалімдерінің қорытынды аттестаттауға дайындық папкасын әзірлеуді ұсыну, оқушылар мен ата-аналарға үгіт насихат жұмысын жүргізу мақсатында жиналыстар ұйымдастырылып отырды. Барлық пәндер бойынша қорытынды аттестаттаудың дайындығын бақылауға алу мақсатында сабаққа қатысу графигі құрылып, мектеп әкімшілігі сабаққа қатысып отырды. Сабақтан соң сабақтың жүргізілуі туралы пән мұғалімдерімен дер кезінде жеке-жеке талдау жүргізіп отырды. Қателіктер мен кемшіліктер, ұсыныстар әр мұғалімге айтылды. Сондықтан, әр пән мұғаліміне тоқталмай, жалпылама қорытынды аттестаттауға дайын екендігі байқалды.
9, 11- сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттауды «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негіздері орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды атестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына сәйкес толтырды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 88 бұйрығын, «Жамбыл обылысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 186-Ө бұйрығын орындау мақсатында, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп бойынша оқу сабақтары 2023 жылығы 31 мамырда аяқталды. Осыған орай бітіру емтихандарының мерзімдері төмендегідей болып бекітілді:
9 - сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2022 жылы 2-13 маусым аралығында;
11 - сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2022 жылы 5-19 маусым аралығында өткізілді.
2022-2023 оқу жылында қорытынды аттестаттауға 9-сыныпта 21 білім алушысы, 11 сыныптардың 7 білім алушысы жіберілді.
9 (10)-сынып оқушылары үшін
1) қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтихан (эссе жұмысы) - 2023 жылғы 2 маусым;
2) орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) - 2023 жылғы 9 маусым;
3) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) - 2023 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (география) 2023 жылғы 13 маусым.
Үздік аттестататқа үміткер: жоқ
2022-2023 оқу жылында 21 оқушы негізгі орта мектеп курсын аяқтап отыр. Барлық оқушы жылдық қорытынды бағаларының нәтижесінде қорытынды аттестаттауға жіберілді. Қорытынды аттестаттау 3 міндетті пән және 1 таңдау пәндері бойынша жүргізілді. Емтихандар уақытылы басталып, емтихан өткізу ережесі бұзылған жоқ. Кешіккен қалған оқушылар болған жоқ. Емтихан қорытындысы төмендегідей нәтиже берді.
«Қазақ тілі» пәні (эссе жұмысы) 9 «А» сыныбында емтихан бағасы жылдық қорытынды бағасымен бірдей болды.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 21 | 21 | 2 | 13 | 6 | 62 | 100 | Табиева Ш.Б. |
«Алгебра» пәні бойынша бақылау жұмысы жазылды. Алгебра пәнінен оқушылар білімі жағынан ауытқулар болған жоқ.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 21 | 21 | 2 | 12 | 7 | 62 | 100 | Нуркеева М.Б. |
«Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен жазба жұмысы жазылды. Оқушылардың білім деңгейі жылдық қорытындыларымен сәйкес келеді. Ауытқушылықтар болған жоқ.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 21 | 21 | 2 | 13 | 6 | 62 | 100 | Н.О. Алмухаммедова |
Таңдау пәндері бойынша нәтиже төмендегідей: География пәні.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 21 | 21 | 2 | 13 | 6 | 62 | 100 | С.У.Каунимжаев |
2022-2023 оқу жылында 11-сыныптың 7 оқушысы қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды. Қорытынды аттестаттау нәтижелері төмендегідей:
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жазған мемлекеттік емтихан жұмысының қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 7 | 7 | - | 5 | 2 | 71,4 | 100 | Богенбаева Г.Д. |
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазбаша емтихан қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 7 | 7 | 4 | 3 | - | 100 | 100 | Байболат Қ.И. |
«Орыс тілі мен әдебиеті » пәні бойынша жазбаша емтихан қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 7 | 7 | - | 7 | - | 100 | 100 | Алмухаммедова Н.О. |
«Қазақстан тарихы» пәнінен жазған мемлекеттік емтихан (ауызша) қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 7 | 7 | 4 | 3 | - | 100 | 100 | Г.Ф.Ултамбаева |
Таңдау пәндерінен мемлекеттік емтихан жұмысының қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» География | 7 | 7 | 2 | 5 | - | 100 | 100 | К.Ж.Садыкова |
Емтихан комиссиясы тарапынан ешқандай ескерту болмады. Қатысуға тиісті барлық оқушылар емтихан тапсырмаларын орындады, кешіккен оқушы болған жоқ. Оқушылар тапсырмаларды орындап, өз деңгейінде көрсеткіш көрсетті. Оқушылардың жыл бойы дайындық жұмыстарында пайдаланып жүрген бағдарлама сұрақтары қамтылды. Оқушылар өз бағаларын дәлелдеді. Қорытынды аттестаттау емтихандарының қорытындысы негізінде негізгі орта білім туралы 21 аттестат, жалпы орта білім туралы 7 аттестат берілді.
Қорытынды аттесаттау нәтижесі
2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылында 9 сынып оқушылары 30 болды. 9 «А» сыныбында 14 оқушы, 9 «Ә» сыныбында 16 оқушы болды. Ал 11 сыныпта 18 мектеп бітіруші білім алды.
Шәкәрім атындағы орта мектебінде2023-2024 оқу жылына арналған мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша бұйрық шығарылып, дайындық жоспары бекітілді. Емтиханға дайындық бойынша қосымша сабақтар кестесі құрылып, уақытылы үнемі өткізіліп жүргізілді.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілген рәсім болғандықтан жыл бойы қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық жұмыстарының барысы жоспар бойынша директор жанындағы кеңесте, педагогикалық кеңесте қаралды.
Қорытынды аттестаттауға 9 «А» сыныптан 14, 9 «Ә» -сыныптан 16 білім алушы, 11-сыныптан 18 білім алушы жіберілді.
Қорытынды аттестаттаудыға мынанадай мерзімдері бекітілді:
9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында;
11 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында.
Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:
9 (10) сынып оқушылары үшін:
- Ана тілінде бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2024 жылғы 29 мамыр;
- Математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
- Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау – 2024 жылғы 6 маусым;
- Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі, информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;
11 (12) - сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 28 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылға 31 мамыр;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым:
4) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі, информатика) – 2024 жылғы 11 маусым.
«Қазақ тілі» пәні (эссе жұмысы) 9 «А», 9 «Ә» сыныптарында емтихан бағасы жылдық қорытынды бағасының нәтижесі төмендегідей.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 14 | 14 | 6 | 6 | 2 | 85,7 | 100 | Байболат Қ.И. |
9 «Ә» | 16 | 15 | - | 11 | 4 | 73,3 | 100 | Байболат Қ.И. |
9 «Ә» сыныбынан даму мүмкіндігі шектеулі 1 оқушы емтиханнан босатылды.
«Алгебра» пәні бойынша:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 14 | 14 | 6 | 4 | 4 | 71,4 | 100 | Богенбаева Г.Д. |
9 «Ә» | 16 | 15 | - | 9 | 6 | 60 | 100 | Назарбаева Ю.О. |
9 «Ә» сыныбынан даму мүмкіндігі шектеулі 1 оқушы емтиханнан босатылды.
«Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 14 | 14 | 7 | 5 | 2 | 85,7 | 100 | Кулжабаева Ш.Ж. |
9 «Ә» | 16 | 15 | - | 9 | 6 | 60 | 100 | Кулжабаева Ш.Ж. |
9 «Ә» сыныбынан даму мүмкіндігі шектеулі 1 оқушы емтиханнан босатылды.
Таңдау пәндері бойынша нәтиже төмендегідей: География пәні бойынша.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «А» | 14 | 14 | 6 | 6 | 2 | 85,7 | 100 | Садыкова К.Ж. |
Таңдау пәндері бойынша нәтиже төмендегідей: Биология пәні бойынша.
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
9 «Ә» | 16 | 15 | - | 11 | 4 | 73,3 | 100 | Байгаспакова М. |
9 «Ә» сыныбынан даму мүмкіндігі шектеулі 1 оқушы емтиханнан босатылды.
2023-2024 оқу жылында 11-сыныптың 18 оқушысы қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды. Қорытынды аттестаттау нәтижелері төмендегідей:
11 «А» «Қазақ тілі» пәні бойынша:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 18 | 18 | 6 | 7 | 5 | 72,2 | 100 | Табиева Ш.Б. |
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жазған мемлекеттік емтихан жұмысының қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 18 | 18 | 4 | 8 | 6 | 66,6 | 100 | Богенбаева Г.Д. |
«Орыс тілі мен әдебиеті » пәні бойынша жазбаша емтихан қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 18 | 18 | 6 | 10 | 2 | 88,8 | 100 | Кулжабаева Ш.Ж. |
«Қазақстан тарихы» пәнінен жазған мемлекеттік емтихан (ауызша) қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» | 18 | 18 | 7 | 8 | 3 | 83,3 | 100 | Ултамбаева Г.Ф. |
Таңдау пәндерінен мемлекеттік емтихан жұмысының қорытындысы:
Сыныбы | Оқушы саны | Қатысқаны | 5 | 4 | 3 | Білім сапасы % | Үлгерімі % | Мұғалімі |
11 «А» География | 18 | 18 | 5 | 11 | 2 | 88,8 | 100 | Садыкова К.Ж. |
Емтихан комиссиясы тарапынан ешқандай ескерту болмады. Қатысуға тиісті барлық оқушылар емтихан тапсырмаларын орындады, кешіккен оқушы болған жоқ. Оқушылар тапсырмаларды орындап, өз деңгейінде көрсеткіш өрсетті. Оқушылардың жыл бойы дайындық жұмыстарында пайдаланып жүрген бағдарлама сұрақтары қамтылды. Оқушылар өз бағаларын дәлелдеді.
Қорытынды аттестатау емтихандарының қорытындысы негізінде негізгі орта білім туралы 30 аттестат, оның 4-уі үздік аттестат, жалпы орта білім туралы 18 аттестат, оның 3-уіне үздік аттестат берілді.
Қорытынды аттесаттау
2024-2025 оқу жылы
2024-2025 оқу жылында 9 сынып оқушылары 21 болды. Ал 11 сыныпта -7 мектеп бітіруші білім алуда.
2024-2025 оқу жылында Шәкәрім атындағы орта мектебінде мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша бұйрық шығарылып, дайындық жоспары бекітілді. Емтиханға дайындық бойынша қосымша сабақтар кестесі құрылып, уақытылы үнемі өткізіліп жүргізілуде.
Қорытынды аттестаттау өткізудің мынадай мерзімде бекітілді.
9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусым аралығында;
11 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында.
- (10) сынып оқушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
- Математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 29 мамыр;
- қазақ тілі/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 2 маусым;
- Таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, ағылшын тілі -2025 жылғы 5 маусым;
- Орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау – 2025 жылғы 10 маусым;
11- сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;
- алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылға
3 маусым;
- қазақ тілі/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 6 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), ағылшын тілі, информатика) – 2025 жылғы 12 маусым.
- орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 13 маусым.
Бекітілген мектепішілік жоспар бойынша қажетті іс шаралар атқару жоспарлануда.