Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп туралы мәлімет

Автор: admin от 10-04-2017, 05:43, посмотрело: 185

1

 

 

№29 Жаңатұрмыс орта мектебінің жаңа ғимаратында 1981 жылы алғашқы білімгерлерді қабылдады

2019-2020 оқу жылы мектепте 14 сынып комплектісі, 2 мектепалды даярлық сыныбы  жалпы 296 оқушы және 39 мектепалды даярлық оқушылары білім алуда.

 

Мұғалімдердің сапалық құрамы:


Жалпы мұғалімдер саны - 33

Жоғары санатты мұғалімдер –2

Бірінші санат – 12

Екінші санат – 14

Санаты жоқ – 6

Жас мамандар саны - 6

Мектеп ұжымы 2019-2020 оқу жылы«Оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру"тақырыбын басшылыққа алып,төмендегі міндеттерді атқарып еңбек етіп келеді.

1.ҚР білім стандартына сәйкес оқушыларға білім беру.

2.Дара тұлғаның жеке құндылықтарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

3.«ҚР-ның білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, шығармашылық белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, дені сау, жан дүниесі бай, бәсекеге қабілетті жек тұлғаны қалыптастыру.

4.Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін жан-жақты жұмыс жүргізу.

5.Дарынды оқушылар мен жүйелі жұмыс жүргізу іскерлігін жандандыру.

6.Білім беру сапасын арттыру мақсатында пән сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдалану, дамыту іскерлігін жандандыру.

7.Жеке тұлғаны Қазақстандық отаншылдыққа, толеранттылыққа, жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру, мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру.

8.Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету, өзара кәсіби бәсекелестік орнату.


 

Категория: Мектеп тарихы

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 8-04-2017, 00:52, посмотрело: 200

0

 

 

 

Ең алғаш «Молотов» атты колхозда 1937 жылы 7 жылдық мектеп болған. 1937 жылдан 1961 оқу жылына дейін Құрымбаев Тұрыстай мектеп директоры болды. 1961 – 1963 жылдар аралығында Орынбаев Нақан ағай директор болып тағайындалды. 1963 – 1964 оқы жылында 8 жылдық мектепке ауысты. 1973 жылға дейін Жүнісов Рахат директор болып жұмыс атқарды. 1977 жылы Жаңатұрмыс орта мектебі болып құрылып, директоры Әуелов Бектұрған келді. Осы жылдары 4 сыныптық орыс сыныптары оқыды. 1978 жылы ауылға совхоздың директоры болып келген Арпабеков Жылқыбайдың бастауымен 1979 жылы Ленинградтық жобамен 3 қабатты жаңа мектептің құрылысы басталып, 1980 жылы 29 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қол қойып оқуға рұқсат берген. Мектеп жаңа типті, үш қабатты, іріпанелді, сумен жылытатын, 23 оқу бөлмесі бар, спорт зал, асханасы бар, Барлық көлемі 3136,64м², 23 оқу бөлмесінің көлемі: 1448,91 м².

1983 жылы мамыр айында ең алғашқы он жылдық білім алған түлектер ұшып шықты.

1987 – 1998 жылдар аралығында Қашқынбаев Әділша ағай директор болды.1998 – 2008 жылдар аралығында Наметқұлова Бейсекул Адепбайқызы директор болып істеді. 2008 – 2012 жылдар аралығында Нұрмаханбетова Айна Бүркітбайқызы директор болды. 2013 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Ултамбаева Сагидат Бектұрғанқызы мектеп директоры міндетін атқарып келеді.

Осы жылдар ішінде сан мыңдаған түлектер ұшырып, әрқайсысы өз орындарын тауып отыр.

Категория: Мектеп тарихы